Мектеп жаңалықтары





2019 жылдың 13 ақпаны күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Жыр дүлділі - Мұқағали" атты мектеп оқушылары арасында поэзия байқауы болып өтті. Поэзия байқауының шымылдығы ақынның өз дауысымен оқыған «Бұлқынып жатыр» өлеңімен ашылды. Әйгілі ақынды еске алуға арналған байқау ІІІ кезең: Ақын өлеңдерін жатқа айту, ақын сөзіне жазылған әндерді шырқау және ақынға арнап өз жанынан өлең шығару бойынша өткізілді. Жас ақындар көрермендерді Мұқағали жырларымен сусындатты. Ал жас әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді нәшіне келтіріп орындады. Сондай-ақ байқаудың ең кішкентай қатысушылары даярлық сыныбының оқушылары Қалдыбек Қарақат пен Совет Еркеназ балдай тәтті тілдерімен ақын өлеңдерін жатқа оқып көпшілікті тәнті етті. Жыр сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қатысушылар өз дәрежелерінде өнер көрсетіп тиісті орындармен марапатталды.

Кеңес Әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектебіміздің 5 - 9 сыныптар арасында "Интернационалист жауынгерлер" тақырыбында фото көрмелер байқауы өтті. Байқау нәтижесі бойынша 7 - сынып оқушыларының жасаған көрмесі жеңімпаз деп танылып, Алғыс хатпен марапатталды.




2019 жылдың 01 – 12 ақпан аралығында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік іс-шара өткізілді.
Іс- шара оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Өзіңді тану- өмірді тану» атты әдеби-сазды кешпен ашылды.Мектеп оқушыларына он күн ішіндегі жасалатын жұмыстармен таныстырылып өтілді.
«Руханилықтың мөлдір бұлағы», «Менің Отбасым», «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыптарында оқушылардың сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.«Ән көңілдің ажары» атты 1-11 сыныптар арасында балалар ән фестивалі ұйымдастырылып музыка пәні мұғалімімен бірлесе отырып оқушылар арасында ән байқауы өткізілді. Музыка пәні және өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индираның дайындауымен 1 және 11 сыныбының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Апта бойы бастауыш сынып оқушыларымен 3 – 4 сыныптармен кітапханаға, Сара Алпысқызының шығармашылық туындылары жинақтамасы кітаптар әлеміне саяхат ұйымдастырылды.
«Алтын жүрек Анамыз» атты 2 – 6 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтіп,жиналған қаражат аз қамтылған отбасы балаларына берілді.«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жабылуында он күн бойы өтілген іс-шараға белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.


Ақпан айының 11 - ші жұлдызында талантты жас мамандарды анықтау мақсатында өткізілген "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтардың ІІІ Республикалық байқауының аудандық кезеңінен жан - жақты дайындығымен қатысқаны үшін мектебіміздің жас ұстазы, информатика пәнінің мұғалімі Жеткербаева Бекзат Асылбекқызы Алғыс хат алып қайтты.Жас маманымызға алдағы уақытта да биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері апталығына орай барлық сыныптар 10 минуттық үзілісте мемлекеттік Әнұран орындады. Және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп,өз ойларымен бөлісті.


2019 жылдың 8 ақпаны күні салауатты өмірді насихаттау мақсатында 5 - 7 сыныптар оқушылары мен ата - аналары арасында "Әкем, шешем және мен" атты отбасылық - спорттық сайыс болып өтті. 6 кезеңнен тұратын сайыста өздерінің ептіліктерімен, жақсы дайындықтарымен көзге түскен "Алдажаровтар" отбасы жеңіске жетті. "Аязбаеватар" мен "Темірбековтер" отбасы ІІ және ІІІ орынды өзара бөлісті. Сайысқа қатысушы отбасылар арнайы мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
.jpg)
.jpg)
2019 жыл 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының іс-шара жоспары құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Акция мақсаты: Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың, Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет – пайдалану мәдениетін арттыру.
«Мен OFFLINE (оффлайн)» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясын мектеп ішінде жариялау жұмыстары жүргізілді..
«Интернетсіз халықаралық күн» 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізіліп,«Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді.
5-11 сыныптар арасында «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссе байқауы өткізілді.31 қаңтар күні өткізілген іс –шараларды Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына орналастырылды және ең үздік деп танылған оқушылардың суреттері эсселері алғыс хаттармен марапатталды.

2019 жылдың 31 қаңтары күні Басықара ауылдық клубының ұйымдастыруымен "Сыңғырлаған сырлы әуен "атты баян аспабында шығарма орындаушылардың аймақтық конкурсы өткізілді. Конкурсқа онға жуық талапкер қатысып, екі кезең бойынша өнер көрсетті.Конкурсты мектебіміздің тəлімгері Ұлықбан Гүлнұр жүргізіп,Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінің оқытушылары Махамбетжанов Талғат жəне Панабеков Хамит қазылық жасап, талапкерлердің өнерін сараптады.Конкурс нəтижесінде үлкен топ бойынша өнер көрсеткен Əбдінағи Жансая І орынды иеленсе,Кеңесова Арайлым ІІ орынды қанағат тұтты.Кіші топ бойынша Таңсықбай Мирас күрделі шығарма орындап І орынды иеленді.Ал Жеткерген Ақниет ІІ орын тұғырынан көрінсе, мектебіміздің атынан қатысқан 5 - сынып оқушысы Жүсіп Алихан мен кенттік Көпжан Асылзат ІІІ орынды теңдей бөлісті.Жеңімпаздарға ұйымдастырушы ұжым тарапынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

2019 жылдың 30 қаңтары күні мектебімізде 8 - 10 сыныптар оқушылары арасында "Денім сау болсын десең" атты көңілді тапқырлар клубының сайысы болып өтті. Сайысқа 10 - сыныптан "Шат" командасы, 9 - сыныптан "Ойна да күл" командасы, 8 - сыныптан "Ойнап айтам" командалары қатысты.Сайыс шарттары бойынша оқушылар өздерін таныстырып,жаңалықтарымен бөлісті. Сайыстың нәтижесі бойынша 10 - сыныптың "Шат" командасы жеңіске жетіп, арнайы кубок және мақтау қағазымен марапатталды.

2019 жылдың 11 қаңтары күні ауылдық клуб пен № 182 орта мектебі бірлесе отырып "Жастар жылының" шымылдығын керемет шарамен түрді.Бұл шара "Кәсіби маман - заман талабы" атты студент жастар мен жас мамандардың кездесу кеші болатын.Кеш барысы еркін форматта өтіп,түрлі сауалдарға толы сұхбаттар мен қызықты ойындар кезең - кезеңімен жалғасын тауып отырды.Мектеп оқушылары да өз аға - әпкелеріне әндерін арнап,қуанышпен қарсы алды.Кеш соңы жастардың көңілді биіне ұласты.

2019 жылдың 11 қаңтары күні Қызылорда қаласында 1- 7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық "Зерде" конкурсының облыстық кезеңінен "Физика және техника" секциясы бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Шалабай Диана, жетекшісі Балманова Гүлназ ІІ орын алып келді.
Қызылорда қаласының 200 жыл толуына орай жалпы білім беретін 8 - 11 сынып оқушылары арасында өткізілген "Сыр елі - жыр елі" атты аудандық бейнероликтер байқауынан 11 - сынып оқушысы Қуанышбай Жарқынгүл мен жетекшісі Жеткербаева Бекзат ІІІ орын иеленді.

Жыл соңы жағымды жаңалықтармен аяқталды.Мектебіміздің жас маманы, информатика пәнінің мұғалімі Жеткербаева Бекзат Сыр өңірі тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.