Мектеп кітапханашысы Қоңырбаева Закира Әбенқызы

Қоңырбаева Закира Әбенқызы 1965 жылы қаңтар айының 7 - ші жұлдызында дүниеге келген.1989 жылы Қасқелең мәдени - ағарту училищесінің "Кітапхана ісі" мамандығын бітіріп шыққан. 2011 жылы Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетін "Кітапханашы библиограф" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1989 жылы Қазалы аудандық орталық кітапханасында әдіскер, 2006 жылдан бастап Басықара ауылындағы № 182 орта мектепте кітапханашы болып қызмет атқарады.
Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл.
Кітапханалық еңбек өтілі - 22 жыл.

Кітапхана туралы мәлімет
Кітапхана саны – 1
Кітапханашы - 1
Кітапхана ауданы – 36,10 кв/ м
Оқырмандар саны – 210
Оқу залында отыратын орындар саны – 20
Келіп – кетушілер саны- 2240
Жалпы кітап қоры – 8404
Қазақ тіліндегі кітаптар саны – 7564
Көркем әдебиет – 1155
Мектеп оқулықтар саны – 5441
Жаңа буын оқулықтар саны – 3751
Кітап беру саны – 3001
Электронды оқулықтар – 150
Қордың өсуі - 1069
Мектеп кітапханасын
пайдаланудың жалпы қағидасы



Абонементті пайдалану қағидалары
Кітапханадан үйге кітаптар абонемент арқылы беріледі. Абонемент бөлімінде «Міндетті дана» деген мөрі бар жалғыз дана кітап үйге берілмейді.
Әдебиеттер үйге мынандай мерзімге беріледі:
Қоғамдық ғылыми әдебиеттер оқу жылының соңына дейін кітап саны шектеусіз беріледі.
Оқулықтар мен әдістемелік құралдар оқитын пәндерге байланысты беріледі.
Ғылыми және арнайы әдебиет -2-3 кітаптан 20 күнге
Көркем әдебиет -1-2 кітаптан 20 күнге
өткен жылдардың мерзімді басылымдары 5 атауымен -20 күнге;
Пайдалану мерзімі –егер материалдарға оқырман тарапынан сұраныс болмаса, ұзартылуы немесе сұраныс көп жағдайда,
болмаса басылым тек 1 дана болса пайдалану мерзімі қысқар-
тылуы мүмкін.
Оқырман әрбір алынған кітап данасы үшін өз формулярына қол қояды.
Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.
Оқу залын пайдалану қағидалары
1.Оқу залында әдебиеттер оқырман қолы қойылған формуляр арқылы беріледі.
2.Оқу залына өзінің және кітапхана кітаптарымен,газет-журналдарымен,басқа да баспа басылымдарының кесінділерімен кіруге болмайды.
3.Оқу залынан әдебиеттерді алап шығуға тыйым салынады.Егер оқырман ережені бұзса,белгілі бір уақытқа дейін кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
Оқырманның құқықтары мен міндеттері
Мектеп кітапханасының оқырмандарының (оқушылар,мұғалімдер,қызметкерлер) мынаған құқығы бар:
1.Кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;
2.Ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;
3.Кітапханада электронды техника бар жағдайда оқу ұйымдары-
ның жиынтық каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерді пайдалана алады.
4.Кітапхана өткізетін көпшілік іс-шараларға қатысуға.
Оқырмандар мынаған міндетті:
1.Әдебиет алу үшін оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;
2.Кітаптарға,баспа туындыларына,басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
3.Кітапханадан алынған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
Оқырмандарға мыналар рұқсат етілмейді:
1.Кітапханаға сырт киіммен кіруге;
2.Оқу залына сөмкемен кіруге;
3.Кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзуға;
4.Кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оған белгі салу,сызу, парақтарын жыртуға);
5.Қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге.
Кітапхананың құқықтары мен міндеттері
Кітапхана оқырмандарға бастауыш және орта білім беру ұйымдары кітапханасы жөніндегі Ереже мен кітапхананы пайдалану қағидасына сәйкес қызмет көрсетеді.
Кітапхананың мынаған құқығы бар:
1.Берілген кітаптардың кітапханаға қайырылуын үнемі бақылауға;
2.Оқырмандардан жоғалған немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге,ал жоғал,ған немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда оқырманның ата-анасы арқылы өндіріп алуға.
Кітапхана мынаған міндетті:
1.Оқырмандардың тегін және ашық пайдалануы мен баспа өнімдерін уақытша пайдалануға,тегін беруге;
2.Ұсынба әңгімелер мен оқырмандардың пайдалануына каталог пен картотекаларды,ұсынба тізімдер мен басқа да анықтама-библиографиялық және ақпарат материалдарын беру жолымен оларға қажетті баспа таңдауда,сондай-ақ тақырыптық кітап көрмелерін ,жаңа әдебиеттер көрмесін ашуын,ақпарат күндерін,әдеби кештер, мерекелер мен басқа да шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетуге;
3.Өз қорларын насихаттауға,оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын дамытуға және ынталандыруға;
4.Компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізе отырып,оқырмандарға кітапхана және ақпарат қызметін көрсетуді жетілдіруге;
5.Қорда бар кітаптарды,баспа туындылары мен басқа да материалдарды белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алуды,сақтау мен пайдалануды жүзеге асыруға;
6.Ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі болып табылатын өз қорының сақталуы үшіни жауап беруге;
7.Мектеп кітапханасы туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы есеп беруге міндетті.

