top of page

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп визиткасы


Мектептің атауы: "№ 182 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемсі
Мектептің орналасқан жері:  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы

Мектеп әкімшілігі: 7

Мектеп  директоры – Бақытбергенов Гүлдәурен Бақытбергенұлы;

Мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ағыбай Асылбек Әбдіхәлімұлы;

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Баспаев Алып Айсұлтанұлы;

Мектеп  директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары –Нұрмаханов Талант Тоқтасынұлы;

Мектеп  психологы – Әбіл Гүлназ Базаралықызы;
Әлеуметтік педагог – Кемалова Роза Өмірбекқызы

Мектеп тәлімгері - Ұлықбан Гүлнұр Сейітжанқызы
Барлық мұғалімдер саны: 45
Жоғары білімді: 45

Жоғары санат - 2

І санат - 13

ІІ санат - 20

Санаты жоқтар - 11


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы

№ 182 орта мектебі

 

Жаңаша оқыту-уақыт талабы

 

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде  жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

      Бұл міндеттерді шешу үшін педагогикалық қызметкерлерінің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, жаңа тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

         Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру қазіргі білім беру және тәрбиеленудегі басты міндет.

            2010 – 2011 оқу жылында 250 оқушыға арналған екі қабатты типтік жүйедегі мектеп салынып берілді.Онда 221 оқушы білім алуда.  24 балаға арналған мектеп жанынан ашылған «Балапан» шағын орталығы жұмыс жасайды.   Жаңа оқу ғимаратында баланың танымдық қабілетін дамытатын 27 оқу кабинеті, 7 интерактивті тақта,  информатика, компьютер сыныптары, ойын бөлмелері, металл,  ағаш және мата  өңдеу  шеберханалары,    1 кітапхана, 20 орындық оқу залы,  физика, химия, биология, лингафон кабинеттері, 2 дәрігерлік бөлме, 1 тіс емдеу кабинеті, 100 орындық  мәжіліс залы, 1 спорт залы, аула спорт алаңы,                     70 орындық асхана тәрбиеленушілерге қызмет көрсетеді.  Оқу бір ауысымда ұйымдастырылған. ІІ ауысымда қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары жүргізіледі.

 Білім ордасында 13 сынып комплектісі, 2 мектеп алды даярлық сыныбы бар.  221  оқушыға 45  мұғалім дәріс беруде. Оның ішінде: екі жоғары санатты, 11 - і  бірінші санатты , 22 – і  екінші санатты мұғалім. Қазіргі білім беру мазмұнына сәйкес 7 мұғалім деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өтті. 2 мұғалім І деңгей бойынша, 1 мұғалім ІІ деңгей бойынша, 4 мұғалім ІІІ деңгей бойынша.

Мектеп оқушылары толық оқулықпен қамтамасыз етілген. Жалпы кітап қоры-10138.

Мектебіміз ҰБТ қорытындысы бойынша 2013 – 2014 оқу жылынды аудан мектептер арасында  ІІІ орын алды, орташа балл 83,8;  2014 – 2015 оқу жылында  тест қорытындысының орташа баллы 87,4;  2015 -2016 оқу жылында ҰБТ нәтижесі бойынша   мектеп тарихында алғаш рет  Рысқұл Үкілім «Алтын белгі» белгісін қорғап шықты.  4 оқушы мемлекеттік білім грантына ие болды.2016 – 2017 оқу жылында тест қорытындысының орташа баллы - 85

 

  2014 жылы мектеп жанынан хор ұжымы құрылды.Құрылған аралас хор ұжымының құрамы 40 әншіден тұрады. Хор жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индира. Хор ұжымы аудан көлемінде мерекелік іс – шараларға қатысып, өнер көрсетіп жүр. Репертуарында А.Қоразбаевтың  «Қазақстан», «Отан», Ш.Қалдаяқовтың «Бейбіт күн тілегі», «Туған жер» т.б әндері бар.

2015 жылы  «Мың тағзым-Ерлікке» атты мекемеаралық байқауында мектепішілік мұғалімдер мен оқушылардан құралған хор ұжымын  жақсы өнер көрсеткені үшін   аудандық «Нұр Отан» партиясының  дипломымен марапатталды.  2016 жылдың 24  сәуір күні Арал ауданында Қазалы ауданының мәдениет күніне орай өткізілген «Арылмаған той – думаны базары, еншілес ел Арал мен Қазалы» атты мәдениет пен өнер күнінде мектебіміздің хор ұжымы өнер көрсетіп, Арал халқының үлкен қошеметіне бөленді. Осыған орай аудан әкімі Н. Шамұратов хор жетекшісі Индира Ағыбаеваны  «Алғыс хатпен» марапаттады.

  Мектепте жаңа технологиямен жұмыс жасап жүрген шығармашыл ұстаздар білім береді. Мектеп бойынша үш әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды. Әдістемелік журнал басылымдарына өздерінің іс-тәжірибелерін жариялап жүр.Оқу- тәрбие жұмыстарының жоспарлары жасалып, оны жүзеге асыруда нақты жұмыстар жасалып келеді. Шығармашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында жас мамандар сабақтарына еніп, ашық есік күні ұйымдастырылады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген мектеп оқушыларының форумы аясында «Жасыл химиия кереметтері» атты командалық жоба конкурсының 1 кезеңі бойынша мектеп оқушылары «Ең жаңашыл команда» номинациясына ие болды.

Технология пәнінің мұғалімі Дуюсов Абдулдың, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сәлмен Мұқтардың, музыка пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индираның  шәкірттері облыс көлемінде жетістіктерге жетіп жүр.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған байқауларда математика пәнінің мұғалімі Аханова Базаркүл, физика пәнінің мұғалімі Балманова Гүлназ, бастауыш сынып мұғалімі Мырзатаева Жаңылдың оқушылары жүлделі орындарды иемденіп келеді.

 Шығармашыл ұстаздардан тәлім алған шәкірттеріміз де осы білім ошағынан білім алуда.

  Облыстық «Бозторғай» ән байқауында, түрлі Республикалық, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда оқушыларымыз жетістік биігінен көрініп жүр. «Спорт-денсаулық кепілі» дейтін болсақ, спорт саласында мектеп оқушылары республика көлемінде өз өнерлерін көрсетсе, облыстық жарыстарды үстел теннисінен бірнеше рет жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Аудандық мектеп оқушыларының 16 рет өткізілген спартакиадасында мектеп оқушылары үстел теннисінен 15 рет жеңімпаз атанды. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері де спорттан құр алақан емес. «Қазақ хандығынң 550 жылдығына» арналған аудан мектептерінің мұғалімдері арасында өткізілген ауданның 34 мектебі қатысқан спартакиада да біздің мектеп командасы 5 орынға ие болды. Үстел теннисінен бас жүлдені иемденсе, шахматтан ІІІ орын алды. Ал тоғызқұмалақтан ондыққа кірді.

Мұғалімдерден Жақсыгелді Қоңырбекұлы, Мұқағали Мұхтарұлы, Жанболат Мергенбайұлы, Азамат Жаңабекұлы, Амангелді Әбиұлы, қыздардан Индира Ағыбаева, Ұлдай Шерімбетова, Роза Кемалова, Гүлназ Әбіл үстел теннисінен аудандық, облыстық жарыстардың жүлдегерлері. Мұқағали Мұхтарұлы үстел теннисінен Қ.Р спорт шеберлігіне кандидат атағын алды. Жақында ғана мектеп оқушыларының Шымкент қаласында өткен республикалық жарысында шәкірттері жақсы өнер көрсеткені үшін арнайы «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Осы жұмыстардың бәріне ұйытқы болып жүрген дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз, Қ.Р білім беру ісінің үздігі Мұхтар Сәлмен Ержанұлының еңбегі зор.

     Мектеп мұғалімдері  мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау мақсатында аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындар алып жүр. Мектеп оқушылары пән олимпиадалары мен ғылыми жобаларда, қашықтықтан оқыту олимпиадасында жетістіктерге жетуде. Республикалық «Нұрлы болашақ» қашықтықтан оқыту олимпиадасында  мектепалды  даярлық, 1 – 4 сыныптан  32 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі

      І – ІІ – ІІІ  орындарға ие болды, ал әрбір бастауыш сынып мұғалімдеріне олимпиадаға жеңімпаз дайындағаны үшін Алғыс хат табыс етілді.

Сонымен қатар «Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы» мерекесіне орай өткізілген ауылдық мекемелер арасындағы сайыста біздің мектебіміз бас жүлдеге ие болып, «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды.

Мектебімізде «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы,», «Отбасы және мектеп», «Қазақстан Республикасы Конституциясының-20» жылдығына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР

1417588285_bezymyannyy.jpg
news2.jpg
министрлік.jpg
498_d52f8d05c3e724a132ee73f67509e58f.png
til.png
egov.png
k1.png

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Басықара ауылы

© 2021 «№182 орта мектеп».

  • YouTube Социальные Иконка
  • Facebook Социальной Иконка
  • Twitter Социальные Иконка
  • Google+ Social Иконка

Тел.: +7 (724) 38 25 5 58 / 

Email: kazaly_182@mail.ru

bottom of page