Әлеуметтік педагог
Кемалова Роза Өмірбекқызы
ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

-
2016 жылы Облыстық "Үздік әлеуметтік педагог - 2016" байқауына қатысып сертификатқа ие болған.
-
2017 жылы "Nio" Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушылары ІІ орынға ие болған.
-
2017 жылы Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде "Әдебиет" секциясы бойынша оқушысы ІІІ орын иеленген.
-
2017 жылы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Алғыс хатпен" марапатталған.
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлеуметтік педагог іс-әрекетінің мынадай бағыттары болады. Олар: диагностикалық, ұйымдастырушылық, болжамдық, алдын алу, ұйымдық байланыстық, қорғаушы, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-терапевтік /емдік/, психологиялық.
Диагностикалық: әлеуметтік педагог жеке тұлғаның қызметін, қарым-қатынас ерекшелігін, шағын /микро/ ортасының, отбасының, құрдастарының, топтарының, ересектердің ықпал ету дәрежесі мен бағытын зерттейді және нақты түрде бағалайды; тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін анықтау /ақпарат жинау, әңгіме жүргізу, тест алу, сұраныс қабылдау.
Ұйымдастырушылық: ол ашық ортада балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан маңызды қызметін ұйымдастырады, демалысты орынды түрде ұйымдастыруға ықпал етеді, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың шынайы демократиялық жүйесін қалыптастырады.
Болжамдық: жеке тұлғаның, қалыптастыру жөніндегі барлық институттардың қызметінің дамуына қарай тәрбие үрдісіне бағдарлама және болжам жасайды.
Алдын алу және әлеуметтік –емдік; әлеуметтік педагог жеке тұлғаға әсер ететін жағымсыз ықпалдардың алдын алудың және жеңіп шығудың әлеуметтік-құқықты, заңды, психологиялық механизмдерін іске қосады, жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді; тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
Ұйымдық байланыстық: өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге, қамтуға көмектеседі, бала мен оның отбасына қатысты түрлі ұйымдар мен мекемелер арасындағы байланыстарды реттейді.
Қорғаушы: жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық нормалардың бар кешенін пайдаланады,балалар мен жасөспірімдерге құқыққа қарсы ықпал етуге жол беретін тұлғаларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдануға көмектеседі.
Әлеуметтік түзету /коррекция/ және дамыту: тұлғаның дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы мен біліктілікті дамыту.
Әлеуметтік кеңес /консультация/ жүргізу, кәсіби кеңес беру. Тұлға үрдістеріндегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Әлеуметтік – медициналық: сырқаттардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерін игеруге көмектеседі, жастарды отбасы өміріне дайындауға септігін тигізеді.
Психологиялық: жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастарда кеңестер береді және оларды түзетеді, жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі, барлық мұқтаж адамдарға әлеуметтік қалпына келуге көмек көрсетеді; тұрғындардың түрлі категорияларына олардың тұрмысын, тіршілік жағдайларын жақсартуда қажетті көмек пен қолдау көрсетуде қолғабыс тигізеді.
2. Міндеттері:
- Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу.
- Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтардың алдын-алу және болдырмау.
Әлеуметтік педагогтың құқығы:
- Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын қарауға.
- Сабақтарға қатысып отыруға.
- Мектеп әкімшілігінің,медициналық,педагогикалық қызметкерлерінің балалар құқығы мен денсаулығын сақтаужөнінен мәселе /сұрақ/ қоюға
- Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау
- Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру
Әлеуметтік педагогикалық жұмыс құрылымы:
Алғашқы кезеңде, баланың әр түрлі мәселелерін шешуде оны диагноздау арқылы күйзеліске душар болу себебі мен оның салдарын анықтап, талдап, нақтылаудан басталады. Мәселенің себебін анықтаған соң, одан кейінгі кезең-анықталған мәселені шешу жолдарын іздестіру. Бұл кезеңді шартты түрде мынадай екі жолмен іске асыруға болады: 1/ жалпыға белгілі әлеуметтік-педагогикалық технологияны, әдістер, тәсілдер, құралдарды қолданып баланың басындағы мәселесін шешіп мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік педагог мәселені қайта қарастырып оны шешудің жаңаша бағдарламасын түзіп, әдістердің, тәсілдер мен құралдардың сәйкестерін қарастырады. Ол да көмек бермесе, баланың темпераменті, мінезі, ырық-эмоциясы, тұрмыстық ортаға бейімделу секілді басқа да ерекшеліктерін тереңінен танып-білу арқылы тағы да басқа жолдарын қарастырады. Бұлардың барлығы қойылған мәселе шешілмейінше жалғаса береді. Бұл мәселелерді шешуде әлеуметтік педагог егер де психолог, медициналық қызметкер, әлеуметтік қызметкер және басқалардың көмегіне мұқтаж болса, оны да өзі ұйымдастырады. Әлеуметтік педагог көмек бере алмай не оны соңына жеткізе алмай қалса, онда оған қайтадан қайырылып, мәселені шешудің басқа жолдарын іздестіреді. Кеткен қателіктерді тауып, оны түзеткен соң іс-әрекет тоқтатылады.
Әлеуметтік педагогтің функциялары:
1..Қиын жағдайға тап болған балаға көмек көрсету. Кризистік
Балалардың қоршаған және оған ықпал ететін әртүрлі жағдайлар
Әлеуметтік педагог баланын проблемаларын шешетін оның құқығын қорғау
Бұл функциялардың бәрін біріктіріп айтсақ оларды үш топқа
Тәрбиелеу әлеуметтік бейімделу.
Әлеуметтік құқықтық «мемлекеттің балаға қамқорлығы, құқықтық қорғауы».
Әлеуметтік реаблитация «мүгедек және психикалық дамуы артта қалған баланы қорғау.
Әлеуметтік педагогтың незізгі бағыттары:
Бала санасындағы қайырымдылық әділеттілік барлық тіршілік иесіне, іс
Кризистен өз күшімен шығуды мақсат тұтып одан шығу
Өз-өзін сыйлауға өзіне сенімді болуға өз еркі мен
Баланы немесе жасөспірімді үлкен және шағын ортада адамдар
Бұл жерде әлеуметтік педагогқа өз тәрбиесінің жас және
Әлеуметтік педагог жанұя мен мектеп пен жұмыс жасау