Мектеп директоры
Бақытбергенов Гүлдәурен Бақытбергенұлы

2002 жылы Қызылорда қаласындағы "Сейхун" академиясын, 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген
Тарих пәнінің І санатты мұғалімі.
2002 - 2010 жылдары аралығында Ғ.Мұратбаев атындағы № 91 мектепте тарих пәнінің мұғалімі,
2010 - 2013 жылдары аралығында Ғ.Мұратбаев атындағы № 91 мектепте педагог - психолог,
2013 – 2018 жылдары аралығында Ғ.Мұратбаев атындағы № 91 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
2018 – 2021 жылдары аралығында Шәкен ауылындағы № 134 орта мектептің директоры,
2021 жылдың ақпан айынан бастап № 182 орта мектеп директоры
болып қызмет атқарады.
Педагогикалық еңбек өтілі 19 жыл
Бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары
Ағыбай Асылбек Әбдіхәлімұлы

1.2013 жылы www.45minut.kz Республикалық ұстаздар сайтында:
А) «Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
Б) «Көксерек»
В) І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы көркемдегіш сөздер тақырыбындағы жұмыстары жарияланды.
2.2014 жылы «Білім-мәңгілік құндылығымыз» атты әдістемелік жинаққа лиро-эпостық жырлар «Қыз Жібек» жыры тақырыбындағы сабағы жарияланды.
3.2014 жылы ҰБТ – ге дайындық курстарында оқу-тәрбие процесіндегі іс – шараларды ұйымдастырып,шығармашылық ізденісін көрсеткені үшін «Қамбаш балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» МКҚК орталық директорының мадақтамасымен марапатталды.
4.2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі Боранкүл Төлегенова атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткізілген аудандық пән олимпиадасында оқушысы Алғыс хатпен марапатталды.
5.2016 жылы «Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында желілік қауымдастықтың жұмысын жандандыру» тақырыбындағы деңгейлік бағдарламалар бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің облыстық семинарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.
6.2016-2017 оқу жылында «Бөлеген ақ күрішке сұлу Сырды» атты аудандық ғылыми жобалар байқауында оқушысы ІІІ орынға ие болды.
7.2016 – 2017 оқу жылында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісі» тақырыбында өткізілген аудандық ғылыми жоюалар байқауында оқушысы ІІІ орынмен марапатталған.
8. 2016 – 2017 оқу жылында Қазақ тілінен өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасында оқушылары
І дәрежелі дипломдармен марапатталған.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Баспаев Алып Айсұлтанұлы

Баспаев Алып Айсұлтанұлы Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Басықара ауылында 1960 жылы 2 қаңтарда дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы № 64 жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмысшы болып бастаған.1978 - 1980 жылдары Кеңес Одағы Армиясында өзінің Отан алдындағы борышын өтеді.1980 жылдан 1983 жылдың қаңтар айына дейін № 64 мекемеде жұмысын жалғастырды.1983 жылдан Басықара ауылындағы № 182 орта мектепте Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты.1990 - 1995 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогика институтында оқып "Тарих.Адам және қоғам" мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан бері №182 орта мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет істеп келеді.
Мектепте жұмыс істеген жылдарда Алғашқы әскери даярлық пәні бойынша шәкірттері 3 рет аудандық әскери-қолданбалы көпсайысының жеңімпазы, 1 рет облыстық сайыстың жеңімпазы атанды.Құқық негіздері пәні бойынша 1 оқушысы аудандық олимпиаданың жеңімпазы атанып,облыстық олимпиадада ІІ орын иеленген.Әр жылдарда жекелеген оқушылары пән бойынша аймақтық сайыстың жеңімпаздары болды.
Жалпы еңбек өтілі - 41 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі - 35 жыл
Санаты - ІІ
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
Нұрмаханов Талант Тоқтасынұлы

2013 жылы мектеп ішілік жас ұстаздардың шығармашылық қабілетін ашу мақсатында өткізілген «Тәжірибе алаңы - 2013» шығармашылық алаңда «Сегіз қырлы бір сырлы жас ұстаз» бағамымен марапатталған.
2013 жылы «Сынып жетекшілерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру жолдары» тақырыбында өткізілген курста Алғыс хат иеленген.
2013-2014 жылы оқушысы Қалық Аслан аудандық пән олимпиаданың екі мәрте III орын жүлдегері атанды.
2014 жылы мектеп ішілік сынып жетекшілер семинары аясында «Үздік сынып жетекші - 2014» байқауында I орын иеленген.
2014 жылы Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «ЭКСПО - 2017» тың жетістіктер жолы» атты байқауда «Экотуризм – жастардың жаңа бренді» бағамымен марапатталған.
2014 жылы мерзімді баспасөз басылымы ұйымдастырып отырған «Бүгінгі таңдағы білім беру мәселелері мен болашағы» атты конференцияда баспа бетінде «Үздік сабақ» көрсеткені үшін Дипломмен марапатталған.
2014 жылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің аудандық «Тәжірибе алаңы - 2014» озат тәжірибемен бөлісу алаңында идеялар аукционы байқауында II орын иеленген.
2014 жылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің аудандық «Тәжірибе алаңы - 2014» озат тәжірибемен бөлісу алаңында Жас мамандар олимпиадасында I орын иеленген.
2014 жылы сәуір айында аудандық «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырған Әлем ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік тілдің жанашыры Мұхтар Шахановтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан I орын иеленген.
2014 жылы тамыз айында аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» иеленген.
2015 жылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің облыстық «Тәжірибе алаңы - 2015» озат тәжірибемен бөлісу алаңында Алғыс хатпен марапатталған.
2015 жылдың қаңтар айында мектеп директорының «Алғыс хатымен» марапатталған.
2016 жылы аудандық «Жағрафия жаһан құпиясы» атты 6-7 сынып оқушыларының олимпиадасында Қуандық Ақнұр II орынмен марапатталды.
2016 жылы аудандық «Жағрафия жаһан құпиясы» атты 6-7 сынып оқушыларының олимпиадасында Сейл Қайрат I орын;
2016 жылы аудандық «Ең үздік геогроф - 2016» байқауында II орын;
2016 жыл аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталған;
2016 жылы жаратылыстану-метематика бағытындағы 7-8 сынып оқушылары олимпиадасында Сейл Қайрат III орын иеленді.
2016 жылы облыстық «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты;
2017 жылы облыстық «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты, дипломмен марапатталды
2017 жылы Павлодар қаласында өткен «Кәсіби жаңару мен жаңғыру» атты республикалық жас ұстаздар лагерінде Сертификат иеленген
2017 жылы Аудандық олимпиададан Шәкірат Рамазан III орын